Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ресей федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXIІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – жыл сайын экономика, инвестиция, өнеркәсіп, көлік және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланатын екіжақты ең ірі алаңдардың бірі. Биылғы форум «Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиектері» тақырыбына арналып отыр. Маңызды шараға Абай облысының делегациясы да қатысуда. Делегация құрамында кәсіпкерлік, табиғи ресурстарды пайдалану, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, денсаулық, жастар басқармасының басшылары, бизнес өкілдері бар.

Екі күнге жоспарланған форум аясында іскерлік кездесулер, бизнес-байланыстар биржасы, көлік инфрақұрылымы көрмесі, Қазақстан-Ресей іскерлік кеңестерінің отырыстары және тақырыптық панельдік сессиялар өтеді. Басқарма басшылары мен бизнес өкілдері бүгін өткен панельдік сессияларға қатысты.

Форум аясында Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков Татарстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Герман Лернермен кездесті.

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыру және Абай облысы мен Татарстан Республикасы кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1263611?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді