
Бүгін Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов Қантай ауылында жүргізіліп жатқан су құбыры желілерінің құрылыс барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен барды. Айта кетсек, биыл Қантай ауылының тұрғындарына таза суға қол жеткізуді қамтамасыз ететін су құбыры желілері тартылатын болады.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының барысын білгісі келіп келген ауыл тұрғындарымен де кездесіп, олармен әңгімелесті және бұл мәселе бойынша олардың пікірлерін тыңдады.
Сонымен қатар, Алғабас ауылындағы медициналық пункт пен Тассуат ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс нысандары да тексерілді. Құрылыс алаңдарында әкім мердігер ұйымдардың басшыларымен кездесіп, жұмыс барысы мен нысандарды пайдалануға беру мерзімдерін талқылады. Ол сондай-ақ нысан аумағын абаттандыру мәселесіне де назар аударды.
Аудан әкімі бұл нысандардың маңыздылығын айтып, оларда жұмыс істеу үшін жергілікті тұрғындар ішінен білімі сай келетін кадрларды сақтап қалудың қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/976630?lang=kk

Жауап қалдыру