
«Қауіпсіз жаз» профилактикалық акциясы аясында мамандар балалар мен ересектерге судағы қауіпсіздік ережелерін, терезеден құлаудың алдын алу шараларын және өрт кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ қатысушыларға құтқару қызметінің жұмысы таныстырылып, пайдалы кеңестер берілді.
Іс-шараның жарқын қорытындысы ретінде балаларға ерекше тосынсый жасалды. Аптап ыстықта өрт сөндіру көлігінен шашыраған салқын сумен сергіген бүлдіршіндер шаттыққа бөленіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ерекше сәттің куәсі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-almaty/press/news/details/1263899?lang=ru

Жауап қалдыру