Алға ауданында көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Алға қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексеріп, мердігер ұйымдардың жұмысымен танысты және тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ аудан әкімі жауапты мердігерлерге құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз етуді және оларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

2025–2026 жылдары Алға қаласында жалпы 24 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеумен қамтылды.

Қазіргі таңда 5 көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 2 үй – 2025 жылдан 2026 жылға өтпелі нысан болып табылады.

Тұрғын үй қорын жаңғырту бағытындағы бұл жұмыстар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karaagash/press/news/details/1264118?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді