
Шымкент қаласы Полиция департаментінің музейі – ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуын танытатын тарихи-танымдық орын.
Музей экспозициясында полиция қызметінің әр кезеңдегі даму тарихы, түрлі жылдардағы қызметтік құрал-жабдықтар мен арнайы киім үлгілері, архивтік құжаттар, фотосуреттер, сондай-ақ полиция ардагерлерінің өмірі мен қызметінен сыр шертетін бірегей жәдігерлер қойылған.
Әрбір экспонат – заң мен тәртіпті сақтау жолында адал қызмет атқарған полиция қызметкерлерінің еңбегін айшықтайтын құнды мұра. Музей келушілерге полиция қызметінің тарихымен жақынырақ танысып, оның қоғамдағы маңызы мен жауапкершілігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1264247?lang=ru

Жауап қалдыру