«Келешек мектептері»: үш ауысымды мектеп мәселесін шешкен жоба

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылды.
Жобаның негізгі мақсаты – әрбір баланы тұрғылықты жері мен әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы әрі қолжетімді біліммен қамтамасыз ету.
Соңғы үш жылдың ішінде елімізде халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа форматтағы мектептерде 460 мың оқушы орны құрылды. Жоба аясында 217 мектеп салынып, 2024 жылы 105 мектеп, 2025 жылы 112 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде 52 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі шешіліп, 100-ден астам мектептегі оқушы орындарының тапшылығы жойылды.
Барлық мектептер орналасқан жеріне қарамастан шалғай елді мекендерде, қалалық жерлерде де бірыңғай стандарт бойынша салынды. Мәселен, мектептердің 40%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл қалалық және ауылдық мектептер арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты едәуір азайтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1264253?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді