Таразда құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға Жамбыл облысы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Әбдінұрұлы Асылбеков, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен жауапты сала өкілдері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Тараз – қауіпсіз қала» жобасының іске асырылу барысы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және қаладағы қоғамдық-саяси ахуал мен ықтимал наразылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Алғашқы мәселе бойынша Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Азимов баяндама жасап, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы криминогендік жағдайға тоқталды.
Баяндамада қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде жалпы тіркелген қылмыстар саны 15, 6 пайызға төмендеп, 1194-тен 1008 дерекке дейін азайғаны, ал қылмыстардың ашылу көрсеткіші 62, 1 пайыздан 67, 7 пайызға дейін өскені айтылды. Сондай-ақ ауыр қылмыстардың ашылуы 68, 2 пайыздан 76, 6 пайызға дейін жақсарған.Сонымен қатар әлеуметтік тұрақсыздық тәуекелдерін туындатуы мүмкін мәселелер тұрақты бақылауда екені айтылып, жалақы бойынша берешектер, кәсіпкерлердің көтерген мәселелері, инженерлік инфрақұрылым және экологиялық сипаттағы өзекті мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.
Жиында сөз алған Жамбыл облысы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Асылбеков күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына нақты сауалдар қойып, олардың шешілу барысын тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығына тоқталды.

Отырыс қорытындысында қала әкімі Бақытжан Орынбеков жауапты мемлекеттік органдарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау және тұрғындардың өзекті мәселелерін уақытылы шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар мемлекеттік органдарға өзара іс-қимылды күшейтіп, тұрғындардың өтініштері мен әлеуметтік маңызы бар мәселелерге жедел ден қою, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру тапсырылды.Интернет-алаяқтықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, заңсыз қару айналымының жолын кесу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар да кеңінен сөз болды. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу мақсатында 786 рейдтік іс-шара өткізіліп, 1 971 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері қала аумағында 374 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға төмендеген. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандар саны 13-тен 7 адамға дейін, яғни 46,2 пайызға азайған, ал жарақат алғандар саны 503-тен 495 адамға дейін төмендеген.

Жиында жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелерде қауіпсіздік шараларын күшейту, бағдаршамдар орнату, көшелерді жарықтандыру, жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін талапқа сай жаңарту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Сматилдаева қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты екенін атап өтті.
Баяндамада соңғы бес жылда бейбіт жиын өткізу туралы хабарламалар саны 80 пайызға төмендегені айтылды. Биылғы жылдың басынан бері бейбіт жиын өткізуге қатысты 4 хабарлама түсіп, оның екеуі өтініш иелерінің өздерімен кері қайтарылса, екі хабарлама заң талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қанағаттандырылмаған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1264116?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді