⚠️ Алаяқтардан сақ болыңыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті аудан тұрғындары!

Соңғы уақытта атаулы әлеуметтік көмек пен жәрдемақыны рәсімдеуге байланысты алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, жеке мәліметтеріңізді немесе банк картасының деректерін сұрауы мүмкін.

Есте сақтаңыз:
✅ ЖСН, мекенжай, отбасы құрамы сияқты жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға бермеңіз.
✅ Банк картасының нөмірін, PIN-кодын, SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз.
✅ Мемлекеттік қызметтер тек ресми тәртіппен және уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы көрсетіледі.
✅ Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз.

📍 Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін:
Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, 63
Мансап орталығы

📲 Instagram: @kc_shalkar

❗ Сұрақтарыңыз болса, Мансап орталығына келіп немесе біздің Instagram парақшамыз арқылы хабарласыңыз.

Өзіңізді және отбасыңызды алаяқтардан қорғаңыз! Ақпараттарыңыздың қауіпсіздігі – өз қолыңызда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/1263821?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді