ТҮРКІСТАН: АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «ТҮРКІСТАН ӘУЕНДЕРІ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАН: АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «ТҮРКІСТАН ӘУЕНДЕРІ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Түркістандағы жасанды көл жағалауында ашық аспан астында ұйымдастырылған «Түркістан әуендері» мерекелік концерті тұрғындар мен қала қонақтарының басын қосты.
Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар эстрадалық және халық әндерін орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Музыкалық кеш барысында көрермендер сүйікті туындыларын бірге шырқап, өнер иелерінің шығармашылығына зор ықылас білдірді.

Жазғы мәдени кеш тұрғындардың мазмұнды демалысын ұйымдастыруға, ұлттық өнерді насихаттауға және қаладағы мәдени ортаның белсенділігін арттыруға бағытталды. Ашық алаңда өткен концерт жылы атмосфера қалыптастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлады.

Түркістан қаласында тұрғындар мен туристердің мәдени демалысын ұйымдастыруға бағытталған мұндай ашық аспан астындағы концерттер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__

ТУРКЕСТАН: ПОД ОТКРЫТЫМ НЕБОМ СОСТОЯЛСЯ ПРАЗДНИЧНЫЙ КОНЦЕРТ «ТУРКЕСТАН ӘУЕНДЕРІ»

На побережье искусственного озера в Туркестане состоялся праздничный концерт под открытым небом «Түркістан әуендері», объединивший жителей и гостей города. В ходе концертной программы местные артисты исполнили эстрадные и народные песни, подарив публике праздничное настроение. Во время музыкального вечера зрители подпевали любимым произведениям и с большим восторгом встречали творчество исполнителей.

Летний культурный вечер был направлен на организацию содержательного досуга жителей, популяризацию национального искусства и повышение активности культурной среды города. Концерт на открытой площадке создал теплую атмосферу, подарив зрителям приподнятое настроение и незабываемые впечатления.

Подобные концерты под открытым небом, направленные на организацию культурного отдыха жителей и туристов в города Туркестан, будут продолжены и в дальнейшем.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1263798?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді