КЕНТАУДА ҚАРБЫЗ ӨСІРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОБАСЫ ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жергілікті шаруа қожалықтары бірігіп, қарбыз өсіру бағытындағы ауыл шаруашылығы жобасын жүзеге асыруда.
Шаруа қожалығының жетекшісі Юлдаш Абдуллаевтің айтуынша, биыл 15 гектар жерге 92 мың қарбыз көшеті отырғызылған. Қазіргі таңда оның 83 мыңнан астам көшеті жақсы өсіп, сақталған. Алқапта қарбыздың 6 түрлі сұрпы өсірілуде.
Алғашқы өнімді тамыз айының соңында жинау жоспарланып отыр. Өсірілген өнімдер Кентау қаласы, Түркістан облысы және Шымкент қаласының нарығына жөнелтіледі.
Өнімді өсіру барысында табиғи әрі экологиялық таза биогумус тыңайтқышы қолданылуда. Бұл өнімнің сапасын арттырып, экологиялық тазалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған жоба «ИП Абдуллаев» және «ИП Буняд» шаруа қожалықтарының бірлескен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асырылып жатыр. Бірлескен кәсіп ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, жергілікті өнім көлемін арттыруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1263769?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді