Антибиотиктер – бактериялық инфекцияларды емдеуге арналған дәрілік препараттар. Олар вирустық инфекцияларға, соның ішінде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) әсер етпейді.

Антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау:

антибиотиктерге төзімділіктің (антимикробтық резистенттіліктің) қалыптасуына;

емнің тиімділігінің төмендеуіне;

аллергиялық реакциялар мен басқа да жағымсыз әсерлердің туындауына әкелуі мүмкін.
Есте сақтаңыз:

Антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауымен қабылдаңыз.

Дәрілік препаратты ұсынылған дозада және белгіленген мерзімде қолданыңыз.

Емдеу курсын өз бетінше тоқтатпаңыз.

Антибиотиктерді өзге адамдарға ұсынбаңыз және қалдық препараттарды кейін қолданбаңыз.
Антибиотиктерді ұтымды пайдалану – әрбір азаматтың денсаулығы мен қоғамның қауіпсіздігіне қосқан үлесі!
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1263766?lang=ru
Жауап қалдыру