АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Демалыс күндері патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ерекше назар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне аударылуда, өйткені олар жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санаттарының бірі болып табылады. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілермен де, жаяу жүргіншілермен де профилактикалық жұмыстар жүргізіп, Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін түсіндіруде.

Жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде барынша мұқият болып, жылдамдықты төмендетуге және жаяу жүргіншілерге жол беруге шақырамыз. Өз кезегінде жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігін тек белгіленген орындардан, қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өтіп, жолдан өту кезінде ұялы телефонға алаңдамауы қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1264424?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді