СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «DARA» әлеуметтік инновация институты» ҚБ ұйымдастыруымен Нұра ауданының Шахтер ауылында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-түсіндіру пулының спикері Әбішев Жомарт Сүлейменұлы қатысты. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, қоғамда адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік мәдениетін нығайту мәселелері қозғалды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/1264452?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді