
🛣️Былтыр Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталған еді. 7 учаскеге бөлінген жобаның екеуі толықтай Әйтеке би ауданының аумағында орналасқан.
📌Қазіргі таңда мердігер ұйымдар жол-құрылыс жұмыстарына кірісті.
📍927–965 шақырым аралығын қамтитын бірінші учаскенің ұзындығы – 38 шақырым. Мұнда мердігер «Ақ жол» ЖШС мобилизациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл кезеңде құрылыс алаңына арнайы техникалар мен материалдар жеткізіліп, жұмысшыларға арналған уақытша қалашықтар, қоймалар және қажетті инфрақұрылымдар орналастырылады.
🚧Ал 965–1025 шақырым аралығындағы екінші учаскеде «Сине Мидас Строй» компаниясы жер жұмыстарына кірісті. Мердігер биыл жолдың жер төсемін салу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
🏗️Жол құрылысына экскаваторлар, асфальт төсегіштер, самосвалдар және өзге де арнайы техникалар жұмылдырылып, құм, қиыршық тас, асфальт пен басқа да құрылыс материалдары кезең-кезеңімен жеткізіледі.
✅Жоба толық аяқталғаннан кейін жолдың өткізу қабілеті мен қозғалыс қауіпсіздігі артып, Ақтөбе облысының көлік қатынасы жақсарады.
📆Нысанды пайдалануға толық беру 2029 жылға жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1264494?lang=ru

Жауап қалдыру