Атырау облысында түн ортасында жоғалған бүлдіршінді полицей 10 минут ішінде іздеп тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     25 шілде күні сағат 00:30 шамасында Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Қамидоллин қызмет атқару барысында кішкентай қыздың жоғалғаны туралы хабарлама алды.

     Хабарлама түскен сәттен бастап уақыт оздырмай іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Полицей жақын маңдағы көшелер мен аулаларды, қоғамдық орындарды және өзге де ықтимал бағыттарды мұқият тексеріп, жедел іздеу шараларын жүргізді. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде бүлдіршін 10 минут ішінде аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Мұндай жағдайларда әрбір минуттың маңызы зор.

     Полицейлердің жедел әрекеті, кәсіби тәжірибесі мен жауапкершілігінің арқасында бүлдіршіннің жүрген жері дер кезінде анықталып, оқиға сәтті аяқталды. Бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің тәулік бойы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарып жүрген күнделікті жұмысының жарқын көрінісі. Қандай уақыт болсын тәртіп сақшылары тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға әрдайым дайын.

     Полиция ата-аналарға ескертеді:

     Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, олардың қайда жүргенін үнемі бақылауда ұстаңыз. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, оларға адасып қалған жағдайда не істеу керектігін алдын ала түсіндіріңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1264587?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді