Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде біліктілікті арттыру курсынан алған тәжірибе бөлісілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жеке құрам қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Оразгелдиев Ерлан Ділдәбекович Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында өткен біліктілікті арттыру курсынан алған білімі мен тәжірибесімен бөлісті.

Аталған оқу бағдарламасы басшы құрамның кәсіби құзыреттілігін арттыруға, басқарушылық қабілеттерін жетілдіруге және жеке құраммен жұмысты тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгеруге бағытталды. Курс барысында қызметкерлерді басқару, көшбасшылық дағдыларын дамыту, қызметтік тәртіпті нығайту, ұжымдағы тиімді коммуникацияны қалыптастыру және басқарушылық шешімдерді қабылдаудың озық әдістері жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар оқу аясында «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы кәсіби профайлинг» тақырыбы бойынша дәрістер өткізіліп, мінез-құлық ерекшеліктерін талдау, ықтимал қауіптерді ерте анықтау және олардың алдын алу бағытындағы заманауи тәсілдер түсіндірілді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, құқық қорғау органдары қызметіне қатысты заңнамадағы жаңашылдықтар талқыланып, олардың құқық қолдану тәжірибесіндегі маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында Оразгелдиев Ерлан Ділдәбекович оқу барысында алған тәжірибесін жеке құраммен бөлісіп, қызметкерлермен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері мен кәсіби біліктілікті үздіксіз жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

Мұндай оқу-әдістемелік кездесулер қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруға, басқару мәдениетін жетілдіруге және Қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметінің тиімділігін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1264619?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді