
Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Гүлнара Жанбекова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен Көкшетау қаласында өткен кездесуге қатысты.
Кездесу барысында өңірдегі маңызды әлеуметтік нысандардың бірі – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысына қатысты мәселелер қаралды. Кездесуге қатысушылар құрылыс жұмыстарының барысы мен нысанның дайындық деңгейі туралы ақпаратпен танысып, сапалы оңалту қызметтерін көрсетуге және кедергісіз орта қалыптастыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің кездесуге қатысуы мемлекеттік әлеуметтік жобаларды іске асыру барысында азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарының сақталуына жәрдемдесуге бағытталды.
Кездесу қорытындысы бойынша өңір тұрғындарының заманауи оңалту қызметтеріне қолжетімділігін кеңейтуге және халықты әлеуметтік қолдау сапасын арттыруға мүмкіндік беретін оңалту орталығының құрылысын уақтылы аяқтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aqmola-oblysy/press/news/details/1264713?lang=ru

Жауап қалдыру