Бруцеллез – жануарлар мен адамға ортақ қауіпті жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі – ауру ауыл шаруашылығы жануарлары: ірі қара, ұсақ мал және шошқалар. Адам ауру жануарлармен байланыста болғанда, оларды күту кезінде, сондай-ақ залалданған мал өнімдерін тұтыну арқылы жұқтырады.
Алдын алу шаралары
✅ Ауыл шаруашылығы жануарларын тұрақты түрде ветеринариялық тексеруден өткізу.
✅ Ветеринариялық талаптарға сәйкес жануарларды бруцеллезге қарсы уақтылы вакцинациялау.
✅ Жануарларды тек ветеринариялық ілеспе құжаттары болған жағдайда және қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін ғана сатып алу.
✅ Ауруға күдікті жануарларды дереу оқшаулап, ветеринариялық қызметке хабарлау.
✅ Жануарларды күту кезінде жеке бас гигиенасын сақтау:
- қолғап, арнайы киім және арнайы аяқ киім пайдалану;
- жануарлармен байланыстан кейін қолды сабындап мұқият жуу;
- жаралар мен сызаттарды антисептикалық құралдармен өңдеу.
✅ Шикі сүтті және үй жағдайында дайындалған сүт өнімдерін қайнатпай немесе термиялық өңдеусіз пайдаланбау.
✅ Етті толық термиялық өңдеуден кейін ғана тұтыну.
✅ Балалардың ауру жануарлармен байланысуына жол бермеу.
Бруцеллез анықталған жағдайда
- ветеринариялық қызметке дереу хабарлау;
- ауру ошағында карантиндік шектеу шараларын енгізу;
- жануарларға зертханалық тексеру жүргізу;
- ауру жануарларды ветеринариялық заңнамаға сәйкес оқшаулап, табыннан шығару;
- қора-жайларға, құрал-жабдықтарға және жануарлар ұстайтын орындарға дезинфекция жүргізу;
- ауру жануарлармен байланыста болған адамдарды медициналық тексеруден өткізу;
- халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту.
Есте сақтаңыз!
Бруцеллездің алдын алған әлдеқайда тиімді, оны емдегеннен гөрі. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, жеке бас гигиенасын ұстану және қауіпсіз мал өнімдерін ғана пайдалану – өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығын қорғаудың сенімді жолы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1264766?lang=ru

Жауап қалдыру