
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тазалық жұмыстарына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді таныстырды. Мәжіліс барысында көрсеткіштердің орындалуы жан-жақты сараланып, кемшіліктерді жою және жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Азизхан Исмаилов барлық жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етіп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1264855?lang=kk

Жауап қалдыру