
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Павлодар облысы әкімінің өкімімен Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы болып Руслан Мұқанов тағайындалды.
Руслан Берекеліұлы 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Лебяжі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Павлодар қаласы әкімі аппаратында және Павлодар облысы әкімі аппаратында бас маман қызметтерін атқарды.
2013-2023 жылдары мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарында еңбек етті. Атап айтқанда, облыстық дін істері басқармасында, Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінде қызмет атқарды, Тереңкөл ауданы әкімі аппаратына басшылық етті, Аққулы ауданы әкімінің орынбасары, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастыру және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Аққулы ауданының әкімі қызметін атқарды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1264872?lang=ru

Жауап қалдыру