ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НОРМАЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында жаңа қабылданған Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған семинар өтті.

Іс-шара барысында Шымкент қаласы Заң консультанттары палатасының заң консультанты Қайрат Арыстанов баяндама жасап, Конституцияда көзделген негізгі нормалар мен жаңашылдықтарға жан-жақты тоқталды. Семинарда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметіндегі конституциялық қағидаттарды сақтау мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, қатысушылар конституциялық нормалардың мазмұны мен оларды практикалық тұрғыда қолдануға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1264976?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді