
Елордада Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі аралықта Астана-Қарағанда тасжолында төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 29 шілде мен 12 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1264978?lang=kk

Жауап қалдыру