
АЙТЫЛДЫ:
«Су ресурстарын басқару тұжырымдамасы және оның кешенді жоспары бекітілді. Онда 2030 жылға дейін 40-тан астам су қоймасын салу және 37 су қоймасын жөндеу қарастырылған. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асатын ирригация каналдарын жаңғырту көзделген».
ОРЫНДАЛДЫ:
Жаңа су қоймаларының құрылысы. Түркістан облысында «Қарақуыс» және «Бәйдібек ата» су қоймаларының құрылысы жүріп жатыр. Оларды 2026 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл қосымша шамамен 69 млн текше метр суды жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Жамбыл облысындағы «Ақмола», Қызылорда облысындағы «Қараөзек» және Батыс Қазақстан облысындағы «Үлкен Өзен» жаңа су қоймаларының құрылыс жобалары іске асырыла бастады. Бұдан бөлек, тағы 13 су қоймасының жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатыр.
Қолданылып жатқан су қоймаларын реконструкциялау. 2024-2025 жылдары Ақтөбе, Қапшағай, Киров, Шар және Қызылағаш су қоймаларын реконструкциялау жұмыстары аяқталды.
Суару каналдарын жаңғырту. 2024-2025 жылдары шамамен 1,5 мың шақырым суару каналы реконструкцияланып, жаңғыртылды. Қазіргі таңда 4,6 мың шақырымнан астам каналда жұмыстар жалғасып жатыр. 2026 жылдың қорытындысы бойынша 962 шақырым каналды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартады.
Қаныш Сәтбаев атындағы каналды жаңғырту. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұзындығы 458 шақырым болатын Қаныш Сәтбаев атындағы каналды кешенді реконструкциялау жүргізіліп жатыр. Бұл канал Қарағанды және Павлодар облыстарын, сондай-ақ Астана қаласын ауыз және техникалық сумен қамтамасыз етеді. Жол картасына сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін каналда 17 жаңа трансформатор орнатылады, ал 2028 жылдың соңына дейін 19 сорғы агрегаты ауыстырылады. Қазіргі уақытта 4 трансформатор орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 5 сорғы агрегатын ауыстыру жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1265014?lang=ru

Жауап қалдыру