Фермерлердің зиянкестермен кешенді күресу мүмкіндігін кеңейту – Қазақстанның тұрақты ауыл шаруашылығына жасалған маңызды қадам

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бәйсейіт,  8 сәуір 2025 ж. – Тұрақты ауыл шаруашылығына және өсімдік қорғаудың химиялық тәсілдеріне тәуелділікті азайтуға бағытталған маңызды қадам, Алматы облысы фермерлерін зиянкестермен кешенді күрес (IPM – Integrated Pest Management) бойынша қарқынды оқытуды қамтыды. Аталмыш тренинг  Әзербайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Түркияда жүзеге асырылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы ФАО/ГЭФ «Орталық Азия елдері мен Түркиядағы пестицидтердің өмірлік циклін басқару және тұрақты органикалық ластағыш пестицидтерді жою» жобасы аясында өткізіледі. Жобаның негізгі мақсаты – тұрақты органикалық ластаушы заттардың (ТОЛ) шығарындыларын азайтып, пестицидтерді қауіпсіз басқарудағы Қазақстанның әлеуетін арттыру.

Оқу бағдарламасы Бәйсейіт ауылындағы Берекет ауылшаруашылық мектебінде өтеді. Тренингтің басты бағыты фермерлерге өсімдіктерді қорғаудың экологиялық таза әдістерін қолдану бойынша практикалық дағдылар мен білім беруге бағытталған. Оқыту мазмұны осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, атап айтқанда: пестицидтерді шамадан тыс және тиімсіз пайдалану, құрал-жабдықты дұрыс қолдану, өнімнің зиянкеске тұрақтылығын арттыру, сонымен қатар ресми тіркеуден өтпеген және ықтимал қауіпті заттарды пайдалануды шектеу.

Бағдарлама IPM -нің негізгі бағыттарын қамтып, пестицидтерді ұтымды таңдау және қолдану, бақылау шараларын жоспарлауда ауа-райы деректерін тиімді пайдалану, феромонды тұзақтарды қолдану арқылы зиянкестерді бақылау және зияндылықтың экономикалық шегін анықтауға негізделген. Тек теориялық бағытта ғана емес, сонымен қатар қатысушылар алған білімдерін іс жүзінде қолдана алатын саладағы практикалық сабақтарға да ерекше назар аударылады.

Тренингке білімімен бөлісуге дайын, озық ауылшаруашылық тәжірибесін енгізу тәжірибесі және өсімдіктерді қорғау әдістерін жетілдіруге деген ұмтылысы жоғары іріктеліп алынған 20 фермер мен ауыл шаруашылығы кеңесшілері қатысуда. Әрбір қатысушы алған білімін өз микроаумағындағы кемінде бес басқа фермерге беруге міндеттеніп, нәтижесінде кем дегенде 70-тей дихан жаңа тәжрибемен қамтылмақ. Оқыту қазақ тілінде жүргізіліп, орыс тіліне тікелей аудармамен де қамтамасыз етіледі. Барлық материалдар екі тілде берілген.

 

Оқыту екі кезеңді қамтып, біріншісі – сәуірдегі төрт күндік курсты қамтыса, екіншісі – алынған нәтижелерді талдау, залал деңгейін бағалау және қолданылатын бақылау әдістерінің тиімділігін сараптауға арналып, маусым айында екі күндік сессиямен жүргізілмек. Тренинг барысында Алматы облысының аудандарында өсірілетін жеміс-жидек дақылдарына (тұқымды жемістер мен дәнді жемістер) ерекше назар аударылатын болады.

 

Жоба 2023 жылы Қазақстанда өткен далалық сынақтардың сәтті нәтижелеріне негізделген. Сынақ нәтижелері көрсеткендей, IPM әдісі өсімдіктерді қорғаудың тиімділігін арттырып, пестицидтерді қолдану көлемін азайтуға мүмкіндік берді, атап айтқанда өнімділік жоғары деңгейде қалып, кейбір бақтарда тіпті айтарлықтай жоғарылады. Бұл нәтижелер, әсіресе елдегі 2021 жылғы пестицидтерді қолдану 18 000 тоннадан асқан жағдайда IPM тәсілінің өміршеңдігін дәлелдеді.

Аталмыш бастама ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудегі балама, химиялық емес тәсілдерді енгізуге бағытталған жобаның үшінші құрамдас бөлігі аясында жүзеге асырылуда. Ескірген пестицидтерді жою және ластанған жерлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралармен біріктірілген жоба қоршаған ортаны қорғауға және азық-түлік қауіпсіздігіне ықпал етері сөзсіз.

IPM стратегиялары іске асырылған сайын, микроөңірлік деңгейде фермерлер арасындағы өзара әрекеттестік деңгейі артады деп күтіледі. Метеостанцияларды, мониторинг жүйелерін пайдалану және жергілікті климаттық жағдайларға негізделген бірлескен шешім қабылдау – өсімдіктерді қорғаудың тиімділігін және аймақтардың агроэкологиялық ерекшеліктеріне бейімделуін арттырады. Фермерлерді озық біліммен және құралдармен қаруландыру арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымы ФАО жобасы Қазақстанның тұрақты, қауіпсіз және өнімді ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосады.

БАҚ үшін байланыс ақпараты:

Эльвира Бердәулетова

БҰҰ ФАО Қазақстан,

Байланыс маманы

+7 777 021 6055

 

Жоба туралы:

ФАО/ГЭФ «Орталық Азия елдері мен Түркиядағы пестицидтердің өмірлік циклін басқару және ТОЛ пестицидтерін жою» жобасы пестицидтерді қолданумен байланысты адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіптерді азайтуға бағытталған аймақтық бастама болып табылады. Жоба Жаһандық экологиялық қордың (GEF) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbekshikazah/press/news/details/977084?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді