МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 Департаментпен 2026 жылдың І жартыжылдығында 14 тексеру өткізілді, оның нәтижесінде жалпы 4925 бұзушылық анықталды. Жалпы санынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу – 1334 факті, мемлекеттік көрсетілетін қызметке бас тарту мерзімін бұзу – 21 факті, құжаттар топтамасы толық болмағанда қызмет көрсету – 72 факті, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап ету – 46 факті, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 1712  факті, негізсіз бас тарту – 6, өзге де бұзушылықтар – 1734 факті.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына сыртқы байқау (қашықтықтан бақылау) жүргізу нәтижесінде  7213  бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 67 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша) өтініш келіп түсті, тексеру және сұрау салу нәтижесінде, негізді жүгінгендердің ішінен 100% – ы (4 қызмет алушының) құқықтары қалпына келтірілді және қорғалды

2026 жылдың І жартыжылдығында EgovkzTelegrambot телеграм бот платформасы азаматтардан әлеуметтік төлемдер, құжаттамалық қамтамасыз ету, медициналық қызметке лицензия беру мәселелері бойынша 9 өтініш түсіп, қаралды.

Рұқсат беру құжаттарын беру мерзімдерін, тәртібін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 465-бабының                                 1 және 2-бөлігіне сәйкес 6 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 318 480 теңге  айыппұл өндірілді. Департаменттің ұсынысы негізінде 2026 жылдың
І жартыжылдығында 33 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Есептік кезеңде Ведомствоаралық жұмыс тобының
2 отырысы өткізілді 18 ұсыныс енгізіліп, барлығы орындалды.

Ағымдағы жылы 10 түсіндіру іс-шарасы, 40 онлайн жәрмеңке және
4 интернет-конференция өткізіліп, газеттерде 17 мақала жарияланды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және оны халыққа насихаттау мақсатында  «Елге қызмет» телебағдарламасының                        7 шығарылымы  («ULYTAU TV», «Aqsham») жарық көрді (білім, тұрғын-үй шауаршылығы, спорт, өсімдіктер карантині, сәулет жән жер қатынастары салаларында көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша).

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалында «Ең алдымен адамдар» тақырыбында 4 семинар өткізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 15 ұсыныс әзірленіп Агенттікке жолданды.

Департамент тарапынан аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1265225?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді