Таразда «ZERBULAQ» қонақ үйі пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Таразда «ZERBULAQ» қонақ үйі салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді.

Гүлдана Әлімжанқызы өз сөзінде мұндай нысандар шаһардағы заманауи туристік ортаның қалыптасуына серпін беретінін айрықша атап өтті.

Жобаның жалпы құны 1,3 миллиард теңгені құрайды. Қонақ үй кешені тұрғындар мен туристердің жайлы демалысына арналған көпфункционалды орталық ретінде де қызмет көрсетеді.

Кешен құрамында заманауи аквапарк, демалыс аймақтары, ойын-сауық нысандары және түрлі қызмет көрсету орындары қарастырылған. Бұл өз кезегінде отбасылық демалысты ұйымдастыруға, туристердің уақытын тиімді өткізуіне және қала тұрғындарының бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді.

Қонақ үйдің бөлмелері халықаралық талаптарға сәйкес жабдықталған. Әрбір бөлме жайлы жиһаздармен, қажетті тұрмыстық техникамен және заманауи инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, келушілерге жоғары деңгейдегі сервис ұсынылып, қауіпсіздік пен қолайлылыққа ерекше көңіл бөлінген.

Осы ретте аталған нысан «South Holiday» ЖШС құрылтайшысы Айбек Оршубековтің жеке қаражаты есебінен салынғанын айта кетейік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1265293?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді