БҚО ветеринария басқармасының басшысы ветеринариялық нысандар құрылысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев Бәйтерек ауданына жұмыс сапары барысында Атамекен және Белес ауылдық округтерінде салынып жатқан ветеринариялық пункттердің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сапар барысында нысандардың құрылыс қарқыны, жұмыс сапасы және белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелері қаралды. Басқарма басшысы мердігер ұйымдар өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуының маңыздылығын атап өтті.

Айта кету керек, 2026 жылы ветеринария саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында басқармаға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінді.

Аталған қаражатқа облыс аумағында:

3 ветеринариялық станция;

31 ветеринариялық пункт;

40 мал қорымы салу жоспарланған.

Жаңа нысандарды іске қосу ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ауылдық елді мекендердің ветеринариялық инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1265303?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді