Конкурстың өткізілетін күні мен орны: мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы www.e-qazyna.kz интернет желісі. 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй 636 бөлме.Анықтама үшін телефон: 8(7132) 747-629.
«Қобыланды» мемориалдық кешені» МКҚК Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылы, Қобыланды 1 А мекенжайында орналасқан, байланыс телефоны: 8(7134) 172-305.
Қызметінің мәні: Тарихи –мәдени мұраларды сақтау мен насихаттау, халық шығармашылығы мен дәстүрлі өнерді зерттеу және насихаттау. Қобыланды батырдың ерлігін жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Лауазымдық міндеттері:
мекеменің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
ұйымның саясаты мен стратегиясын белгілейді, оның бөлімшелерінің музей қорын қалыптастыру, сақтау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді;
музейдің (музей-қорықтың) жоспарларын, бағдарламалары мен жобаларын жасау және жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет бағыттары бойынша олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;
ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады;
директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың жетекшілері мен мамандары арасында жұмыстың жекелей бағыттарын бөледі;
шарттарды жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс: Конституцияны; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Азаматтық кодекс); Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс); Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
білімі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: _ 28 шілде-5 тамыз 2026 ж.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының конкурстық комиссиясы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/press/news/details/1265325?lang=ru

Жауап қалдыру