«Анвар» гипермаркетіндегі шартты өрт кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарын пысықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өрттерді сөндіру және адамдарды құтқару кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында «Анвар» гипермаркетінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары екінші шақыру дәрежесі бойынша жұмылдырылған өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

         Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсуінің салдарынан асүйдің өндірістік бөлмесінде, салаттар, нан-тоқаш және өзге де аспаздық өнімдер дайындалатын жерде орналасқан электр плитасы жанған. Өрт бөлме ішіне таралып, қою түтін пайда болып, қызметкерлер мен келушілердің өміріне қауіп төнген.

         Шартты өртті тиімді сөндіру мақсатында екі жауынгерлік учаске құрылды. Бөлімшелердің негізгі міндеттері – барлау жүргізу, адамдарды іздестіру және құтқару, қызметкерлер мен келушілерді эвакуациялау, шартты өртті сөндіру және оттың көршілес үй-жайларға таралуына жол бермеу болды.

         Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің нысан әкімшілігімен және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылы пысықталды. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын нысандарда әрекет етуге күштер мен құралдардың дайындығы тексерілді.

Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1265414?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді