
2026 жылғы 20 шілдеде Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары арасында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының талаптары, сондай-ақ жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілер мен жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру кезінде туындайтын негізгі мәселелер талқыланды. Қатысушыларға нормативтік құқықтық актілер талаптарын және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қатаң сақтау бойынша ұсынымдар берілді. Семинар диалог форматында өтіп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1265522?lang=ru

Жауап қалдыру