
Әл-Фараби ауданында өткен кездесуде Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Жұмабайұлы Қожаев тұрғындармен еркін пікір алмасып, олардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздік, жол қозғалысын ұйымдастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу секілді өзге де мәселелер талқыланды. Азаматтар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын тікелей полиция басшысына жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар көтерген әрбір мәселе назарға алынып, оларды шешу бағытында нақты тапсырмалар жүктелді. Департамент басшысы атқарылатын жұмыстардың орындалуы өзінің жеке бақылауында болатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1265551?lang=ru

Жауап қалдыру