Орал қаласында ҚР ТЖМ жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Орал қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды.

  Жарыстың алғашқы күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мамандандырылған жасағының аумағындағы оқу-жаттығу мұнарасында «Шабуыл сатысымен көтерілу» тәртібі бойынша жарыстар өтіп, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жылдамдықтарын, техникалық шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

  Жарыс қорытындысы бойынша жеке біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

  Кіші топ (14 жас және одан кіші):

1 орын – Владислав Ребенок (Батыс Қазақстан облысы) – 7,66 сек.;

2 орын – Руслан Уразбаев (Қызылорда облысы) – 7,71 сек.;

3 орын – Кирилл Черевко (Павлодар облысы) – 7,94 сек.

  Орта топ (15–16 жас):

1 орын – Дмитрий Рыбалкин (Ақмола облысы) – 7,93 сек.;

2 орын – Кирилл Шевцов (Шымкент қаласы) – 9,04 сек.;

3 орын – Игнат Редькин (Шығыс Қазақстан облысы) – 9,59 сек.

  Аға топ (17–18 жас):

1 орын – Ислам Қалиоллаев (Ақмола облысы) – 11,80 сек.;

2 орын – Нұрдәулет Төлеген (Шымкент қаласы) – 12,22 сек.;

3 орын – Никита Боков (Шығыс Қазақстан облысы) – 14,82 сек.

  «Шабуыл сатысымен көтерілу» тәртібі бойынша командалық есептің қорытындысы:

1 орын – Батыс Қазақстан облысы;

2 орын – Ақмола облысы;

3 орын – Шығыс Қазақстан облысы.

  Кешке чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі және алғашқы жарыс түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

  Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камалов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Даурен Данаев, ардагерлер, Батыс-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, шақырылған қонақтар, спортшылар, команда өкілдері мен жаттықтырушылар қатысты.

  Құрметті қонақтар құттықтау сөзінде қатысушыларға әділ бәсеке, жоғары спорттық нәтижелер мен жаңа жеңістер тіледі.

  Ертең чемпионат «100 метрлік кедергілер жолағынан өту» тәртібі бойынша жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1265639?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді