
Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия отырысына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ашып, күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді депутаттардың қарауына ұсынды.
Күн тәртібінде төрт елді мекеннің шекарасын өзгерту және белгілеу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Қызылжар ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекені, Дарбаза ауылдық округіне қарасты Ердәуіт елді мекені, Құркелес ауылдық округіне қарасты Нұрлы жол елді мекені және Қабланбек ауылдық округіне қарасты Сіргелі елді мекенінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары баяндама жасап, ұсынылған өзгерістердің негіздемелері таныстырылды. Депутаттар әрбір мәселені жан-жақты талқылап, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Енгізілген барлық мәселелер депутаттардың қолдауына ие болып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1265632?lang=ru

Жауап қалдыру