
№9 «Наурыз» бөбекжайының ауласында заманауи поликарбонаттан жасалған жылыжай жұмыс істейді. Жылыжай күн сәулесін жақсы өткізіп, өсімдіктердің қолайлы жағдайда өсуіне мүмкіндік береді.
Бүгінде жылыжайда қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, құлпынай және сәбіз өсіріліп, тұрақты күтім жасалуда. Тәрбиешілердің жетекшілігімен бүлдіршіндер көкөністерді отырғызып, оларды баптауға қатысып, өсімдіктердің өсуін қызығушылықпен бақылауда.
Жылыжай – балалардың табиғатты танып-білуіне, еңбекке баулуына, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал ететін маңызды білім беру алаңы. Сонымен қатар, ол өсімдіктерді қолайсыз ауа райынан қорғап, мол өнім алуға қолайлы жағдай жасайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1265652?lang=ru

Жауап қалдыру