
Адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау – заманауи құқықтық мемлекеттің маңызды қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бақылаудың тиімді құралдарының бірі – азаптаулардың және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуға бағытталған Ұлттық превентивтік тетік (ҰПТ).
Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылар адамдар еркіндігі шектелген мекемелерге тұрақты түрде превентивтік барулар жүргізеді. Олардың негізгі міндеті – ұстау жағдайларын бағалау, адам құқықтарының ықтимал бұзылуын анықтау, оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге ықпал ету.
ҰПТ құрамындағы қызмет жоғары жауапкершілікті, объективтілікті, кәсіби әдепті және қоғамдық мүддеге адал қызмет ету ұстанымын талап етеді. Тетік жұмысына қатысу өз біліміңіз бен тәжірибеңізді іс жүзінде қолдануға, сарапшылар қауымдастығымен өзара іс-қимыл жасауға және Қазақстанда адам құқықтарын сақтау мәдениетін дамытуға нақты үлес қосуға мүмкіндік береді.
Егер сіз заңдылық, ізгілік және адам қадір-қасиетіне құрмет көрсету қағидаттарын қолдасаңыз, қажетті кәсіби құзыреттерге ие болсаңыз және тәуелсіз қоғамдық қызметке қатысуға дайын болсаңыз, Қазақстан Республикасының Ұлттық превентивтік тетігі командасына қосылу мүмкіндігін қарастырыңыз.
Әрбір қатысушының қосқан үлесі адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға, мемлекеттік институттардың ашықтығын арттыруға және бас бостандығынан айыру орындарында немесе өзге де еркіндігі шектелген мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарының бұзылуының алдын алу жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.
Ұлттық превентивтік тетік – өзгерістерді сырттай бақылап қана қоймай, оларды жүзеге асыруға тікелей атсалысу мүмкіндігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aqmola-oblysy/press/news/details/1265670?lang=ru

Жауап қалдыру