Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов өңірдің белсенді жастарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында жастар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өз ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде қатысушылар облыс әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алды.

Көтерілген мәселелер қатарында спорт инфрақұрылымын дамыту, туризм әлеуетін арттыру, инклюзивті ортаны қалыптастыру, жастардың өзін-өзі дамытуына қолдау көрсету және өзге де маңызды бағыттар қамтылды.

Өз кезегінде облыс әкімі жастардың бастамалары мен ұсыныстары өңірдің дамуына серпін беретінін атап өтіп, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, өңірдің болашағы жастардың қолында екенін айтып, олардың белсенділігі мен тың бастамалары облыстың тұрақты дамуының басты қозғаушы күші екенін ерекше атап өтті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1265759?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді