«Қауіпсіздік – басты назарда»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылы 28 шілде кұні Мемлекет Басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және туристік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және облыстық туризм басқармасы бірлесіп профилактикалық іс-шара өткізді.
 
Іс-шара барысында Ақтау қаласының тұрғындарына, қала қонақтары мен туристерге қоғамдық тәртіпті сақтау, судағы қауіпсіздік талаптарын орындау, тек рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларда шомылу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Сонымен қатар, туристер мен демалушылар көп шоғырланатын жағажайларда туристік қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды. Сондай-ақ «Caspian Riviera» қонақ үйінің қабылдау бөліміне қала қонақтарына тарату үшін туристік қауіпсіздік бойынша ақпараттық буклеттер берілді.
 
Аталған іс-шараның мақсаты – туристер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1265762?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді