ОРАЛДА ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРІЛІП ЖАТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зачаган кентінен шамамен 15 шақырым жерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 37 гектар аумақты алып жатқан полигонның 15 гектарын қызыл жалын шарпыды.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, 4 гектар аумақта өрт сөндірілді. Дегенмен, 11 гектар жерде қызыл жалынмен күрес әлі де жалғасып жатыр.

Кешеден бері полигонға 5 480 тонна топырақ тасымалданып, 660 текше метр су төгілді. Сөндірілген аумақтар топырақпен жабылып жатыр. Суды үздіксіз сорып алуды қамтамасыз ету үшін полигоннан 5,5 шақырым жердегі «Орал-Саратов» автожолындағы өрт гидрантына арнайы автоцистерна орнатылды.

Айта кетейік, оқиға орнында 79 адам мен 61 бірлік арнайы техника тәулік бойы жұмыс істеуде. Жағдай тұрақты бақылауда. Өртті толық сөндіру және түтіннің таралуын барынша азайту үшін барлық қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1265993?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді