Медициналық ұйымдар басшыларымен аппараттық кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық ұйымдар басшыларымен аппараттық кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің төрағалығымен облыстық, қалалық және аудандық емдеу-профилактикалық ұйымдарының бас дәрігерлерінің қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

Кеңесте Талас және Мойынқұм аудандық орталық ауруханаларының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары қаралды. Медициналық ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар, негізгі көрсеткіштердің орындалуы, кадрлық қамтамасыз ету, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша баяндама жасап, өзекті проблемалар мен оларды шешу бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Талас аудандық орталық ауруханасының қызметі туралы бас дәрігер Алмас Исақов есеп берсе, Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелерін бас дәрігер Бағлан Жүнісбеков таныстырды.

Кеңес барысында медициналық ұйымдардың қызмет нәтижелері жан-жақты талданып, негізгі көрсеткіштердің орындалу деңгейі, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, сондай-ақ басқарушылық шешімдердің тиімділігі сараланды. Сонымен қатар нысаналы индикаторларға қол жеткізу, медициналық қызмет сапасын арттыру, кадрлық әлеуетті нығайту, денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жұмыс тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек анықталған кемшіліктерді жою, медициналық ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыру және белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1266036?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді