ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
ШЕШІМ
30 шілде 2026 жыл № 44 Жаңаөзен қаласы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық
мәслихатының қырық үшінші сессиясын шақыру туралы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы 2026 жылдың 05 тамыз күні шақырылсын.
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы 2026 жылдың 05 тамыз күні сағат 12:00-де қала әкімдігінің 229 бөлмесінде басталады.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
1. VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Мусаев Темирдің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/3 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың құрамын, төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы;
4. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы;
5. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 06 желтоқсандағы № 9/85 «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Жаңаөзен қалалық
мәслихатының төрағасы Ғ. Байжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/1266155?lang=ru

Жауап қалдыру