Ақтауда «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі заттары тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған жедел іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында полицейлер Mitsubishi Montero Sport автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді. Жеке тінту кезінде 28 жастағы жүргізушіден «мефедрон» синтетикалық есірткі заты салынған бір зип-пакет тәркіленді.

Автокөлікті тінту барысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі заты салынған 18 пластикалық құтыны, 5 зип-пакетті, электрондық таразыны, 120 мың теңге көлеміндегі ақша қаражатын, сондай-ақ синтетикалық есірткі заттарының іздері бар тәрелке мен түтікті анықтап, тәркіледі.

Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту кезінде есірткі заттарын бөлшектеп орауға арналған 4 орам оқшаулағыш таспа және шамамен 100 дана жаңа зип-пакет табылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес («Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау») қылмыстық іс қозғалды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтың есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1266168?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді