“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Бостан ауылында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 шілде күні “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясы аясында Бостан ауылында құрылған мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында кәсіпкерлерге аумақтың тазалығын сақтау, ғимараттардың сыртқы келбетін күтіп ұстау, іргелес аумақтарды абаттандыру және санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндірме берілді.

Мониторингтік топ кәсіпкерлерді қоршаған ортаны таза ұстауға, ортақ іске белсенді атсалысуға және ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырды.

Бостан ауылы әкімінің аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1266215?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді