
Тақырыпқа сәйкес УСК-ы мүшелері ҚР сайлау туралы 1995 жыл №2464 Конституциялық заңына енгізілген түзетулер мен өзгертулермен таныстырылды, Құрылтай депутаттарын сайлауын өткізудің дайындық және ұйымдастыру мәселелерімен, сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлауалды үгіт, сайлау процессіне қатысушылардың өзара іс-қимылдары, мүгедек жандарға сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі минималды талаптар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқыту семинары треннингтік тәсілмен жалғасын тауып, УСК мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.
Бекітілген жоспар бойынша оқыту семинарлары алдағы кезеңде ауданның қалған УСК мүшелерімен, елді мекендердің орналасу реттілігіне сай, жинақталып, көшпелі түрде жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1266249?lang=ru

Жауап қалдыру