
Қарабөгет ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округ әкімі мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен ауыл аумағында аула аралау жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында тұрғын үйлердің аулаларының тазалығы мен санитарлық жағдайы тексерілді. Тексеру нәтижесінде аумағын талапқа сай күтіп ұстамаған 4 тұрғын үй иесіне ескерту беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Баршаңызды өз аулаларыңыз бен көшелеріңізді таза ұстауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Бірге таза әрі көрікті ауыл қалыптастырайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/1266248?lang=kk

Жауап қалдыру