
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Жамбыл ауылында «Ауыл құтқарушылары» 224-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті 800-ден астам тұрғыны бар елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
ТЖМ ерікті өртке қарсы құралымға өрт сөндіру техникасын, сондай-ақ байланыс құралдары мен өртке қарсы техникалық жабдықтарды табыстады. Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері еріктілерді тұрақты түрде оқытып, олардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруде және өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде тиімді әрекет етуге даярлауда.
Өрт сөндіру бекетінде тәулік бойы кезекшілік атқаратын қызметкерлер үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Ғимаратта демалыс және жатын бөлмелері, ас үй, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған гараж қарастырылған.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы Жамбыл ауылы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін арттыруға зор үлес қосады. Бұл бастама өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, табиғи және дала өрттерінің алдын алу жұмыстарын күшейтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1266226?lang=ru

Жауап қалдыру