
2025 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, сондай-ақ жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және «Заң және тәртіп» нарративін ақпараттық қолдау аясында З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың дәрісі өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу және даму кезеңдері, оның мемлекеттілікті нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы, сондай-ақ жастар арасында құқықтық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы құқықтық ағартудың рөлі талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар құқықтық мәдениеттің өзекті мәселелері мен қоғамдағы құқықтық сана деңгейін арттыру жолдарына және жастардың құқықтық бастамаларға белсенді қатысу маңыздылығына ерекше мән берді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/977268?lang=kk

Жауап қалдыру