
Ақмола облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Көкшетаудың жалдамалы пәтерлеріндегі притондардың қызметін тоқтатты. Жұмыс жыл сайын 30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар шеңберінде жүргізілді.
Притондарды ұйымдастыру және ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 1 миллион 857 мың теңге, тергеу үшін маңызы бар ұялы телефондар мен өзге де заттар тәркіленді. Сондай – ақ, полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен адамдарды анықтады.
Ақмола облысының полиция департаменті адам саудасына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ притондар мен жеңгетайлықты ұйымдастыруға байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу ерекше бақылауда екенін атап айтады. Өңірде мұндай қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1266300?lang=ru

Жауап қалдыру