ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРҒА АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сайрам ауданындағы балалардың жазғы сауықтыру лагерінде “Адам саудасына қарсымыз!” атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері адам саудасының түрлері, оның белгілері, күмәнді жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі және көмекке қайда жүгіну қажеттігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа қатысты ақпарат қамтылған 100-ге жуық үнпарақ таратылып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында балалар мен тәрбиешілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен жан-жақты жауап алды.
Полиция адам саудасының алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1266313?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді