
Қазіргі таңда өткізіліп жатқан «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Түркістан тасжолы бойында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында дрон құрылғысы қолданылды.
Әуеден жүргізілген бақылау барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша алғаш рет жол ережесін бұзған жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді. Ал осыған дейін де осындай құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілерге заң талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.
📌Жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және өз қауіпсіздігі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз❗️
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1266280?lang=ru

Жауап қалдыру