
«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкент қаласында мас күйінде көлік басқарған тағы бір жүргізуші анықталды.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала көшелерінің бірінде Kia маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында көлік тізгінінде отырған 29 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын анықтады.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес автокөлік арнайы «Арғымақ» айып тұрағына қойылды. Жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1266277?lang=ru

Жауап қалдыру